ОРТАЛЫҚ МИССИЯСЫ- білім алушыға, түлекке, маманға өмір бойы білім беру принципі бойынша тиімді мансап жолын қалыптастыру және жүзеге асыру.
ОРТАЛЫҚ МІНДЕТІ:
- Білім алушының, түлектің, маманның мансаптық өсуіне және кәсіби өсуіне ықпал ететін тиімді жүйені құру; түлектің, маманның еңбек нарығына сәйкес кәсіби дағдыларын және қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
ОРТАЛЫҚ мақсаттары:
- Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы, сонымен қатар мамандарды мақсатты даярлау саласында келісімшарттар жасау.
- Білім алушылар мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (мамандар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың презентациялары, қонақ дәрістері және т.б.)
- Кәсіпорындардың мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстар мен семинарлар ұсыну.
- Түлектердің мансабының дамуын қадағалау үшін байланысты орнату, қолдау және дамыту.
- Университет түлектеріне мансаптық жоспарларын жүзеге асыруға көмек көрсету;
- Түлектердің кәсіби дағдылары мен қабілеттерін дамыту, сондай-ақ оларды еңбек нарығына сәтті бейімдеу үшін дайындық курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
- Еңбек нарығы талап ететін білім алушылардың жеке құзыреттіліктерін дамыту бойынша арнайы тренингтер, курстар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу; компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, түйіндеме жазуға кеңес беру, сұхбаттасу, психологиялық бағдар немесе басқа қызмет саласына бейімдеу;
- Білім алушылармен ақпараттық, кәсіптік бағдар беру және мансапты жоспарлау бойынша жұмыс жүргізу;
- Жұмысқа орналасуға көмек көрсету және түлектердің мансаптарының ары қарай дамуын бақылау.
- Еңбек нарығына зерттеу жүргізу және білім алушыларға нарық болжамдарын және жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпаратты беру;
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін болжауға сәйкес мамандық (мамандандыру) таңдауға көмек;
- Мамандандыруды одан әрі таңдауға байналысты оқыту тракеториясын таңдауға көмек;
- Іс-тәжірибе өтетін орынды таңдауға көмек.