Тәрбие жұмысы

Оқудың алғашқы күндерінен бастап "Серпін-2050" бағдарламасының студенттері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қоғамдық өміріне қатысады. Осы бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер үшін қалада әлеуметтік-мәдени бейімделу бойынша іс-шаралар өткізіледі: экскурсиялар, әңгімелер, психологиялық қызмет тренингтері және т.б. студенттер университеттің студенттік өзін-өзі басқаруы ұйымының жұмыстарына қатысады.

"Серпін-2050" бағдарламасы бойынша оқитын университет студенттері "Бірінші курс таланттары", "Студенттік көктем", "EKTU дауыстары" , "JAIDARMAN" және т. б. сияқты университеттің шығармашылық клубтарының жұмысына белсене қатысады.

2023 жылдан бастап жатақхана студенттері арасында "Шабыт" жаңа шығармашылық жобасы іске қосылды, оған "Серпін-2050"бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттер белсенді қатысады.

Жыл бойы студенттермен құқық қорғау органдары, дін істері басқармасы және т. б. өкілдерінің қатысуымен профилактикалық, түсіндіру іс-шаралары өткізіледі.

"Қалың қалай, студент?» акциясы аясында университеттің жастар ісі жөніндегі комитеті «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатынымен бірлесіп университет жатақханаларында студенттерімен кездесулер өткізеді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бағдарлама бойынша білім алушы студенттері жастар саясатының барлық бағыттары бойынша университеттік қана емес, жалпы қалалық, республикалық, өңірлік іс-шараларға белсенді қатысады.

"Серпін-2050" бағдарламасының студенттері қала мен облыстың қайырымдылық, экологиялық акцияларына белсенді қатысады.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын балалардың студенттік өмірі түрлі оқиғаларға толы, олардың университетте өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін  іске асыру үшін барлық жағдай жасалған.