ШҚТУ инклюзивті білім беру

Қызметтің мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедектерге инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша Университеттің қызметін ғылыми-практикалық, әдістемелік, консультациялық қолдау және үйлестіру болып табылады.

Инклюзивті оқытудың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алу құқығын іске асыру, оларды әлеуметтендіру, бейімдеу және қоғамға ықпалдастыру.

  • «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан  техникалық университетінің білім алушыларын әлеуметтік қолдау шаралары туралы» Ереже әзірленді (22.06.2022 ж. бекітілген).
  • Қазіргі уақытта университетте қосымша қажеттіліктері бар 12 студент оқиды.
  • Жұмыс оқу бағдарламасында (силлабуста) 1.4.2-тармағында «Адаптивті білім беру технологиялары (инклюзивті оқыту)» тармағы қарастырылған.
  • Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс істейтін Университеттің 15 оқытушысында сертификат бар.
  • 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап білім алушыларға студенттің жеке кабинеті арқылы анықтама алу мүмкіндігі берілген.
  • Нашар көретіндер үшін электрондық көрсеткіштің (лазердің) болуы көзделген.
  • Университетте көру қабілеті бұзылған студенттерді оқытуға арналған «AverVision F17HD+» аппараты бар.
  • Нормалар бойынша университетте ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандустар мен өзге де құрылғылар қарастырылған.