Жастар ісі жөніндегі комитет

Жастар ісі жөніндегі комитет – студент жастардың құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау, олардың іске асырылуына жәрдемдесу, студенттердің құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық проблемаларын шешу мақсатында құрылған Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының құрылымдық бөлімшесі.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің мақсаты - білім алушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуіне, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту қабілетіне жәрдемдесу.

Жастар ісі жөніндегі Комитет өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  1. әлеуметтік саясат және волонтерлік бағдарламалар;
  2. ақпараттық-медиалық;
  3. инновациялық даму және зияткерлік бағдарламалар;
  4. спорттық-сауықтыру бағдарламалары;
  5. құқықтық білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  6. шығармашылық-демалыс бағдарламалары және дебаттық жобалар.