Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 7 мамыр мерекесі қарсаңында тамаша іс-шара өтті!

Оқу орнының студенттері мен оқытушылары азаматтарға құттықтау жапсырмаларын, ашық хаттар мен тәтті шоколадтар табыс етіп, көңіл-күйлерін көтерді. Әрбірінің маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтетін жылы естелік болып қалмақ.

Сонымен қатар, бас ғимараттың фойесінде интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Мұндай бастамалар қуаныш әкеліп, көңіл-күйді көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар біздің қоғамда бір-бірімізді құрметтеу мен қолдаудың маңыздылығын еске салады.

Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Мереке құтты болсын!

  7 мамыр мерекесімен құттықтаулар

  Спорттық іс-шаралар