6B06101 - Ақпаратық жүйелер

Күндізгі бөлім: 4 жыл.

Профильдік пәндер: 1 бейінді пәндер - математика, 2 бейінді пәндер - информатика

Берілетін дәреже: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бакалавры

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Ұлттық және өңірлік ақпараттық технологиялар нарығының міндеттерін шешу үшін, сондай – ақ әлемдік АТ-бизнес жағдайына ықпалдасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу саласында мамандар даярлау

Мамандар лауазымдарының тізбесі:

  • Әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелердің менеджменті, АТ-жобаларды басқару;
  • Өндірісті цифрландыру, ақпараттық жүйелердің міндеттерін қою, жұмысқа қабілеттілігін қолдау және сапа менеджменті мәселелерін шешу

Кәсіби қызмет объектісі:

Ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер мен желілер, оларды аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) қамтамасыз етуі, әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар, Индустрия және бизнес қызметіндегі ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, жөндеу, өндіру және пайдалану тәсілдері мен әдістері

Кәсіби қызметінің функциялары:

  • жобалау-конструкторлық қызмет, жобалау-технологиялық қызмет, өндірістік-технологиялық қызмет
  • жобалау объектісін жобалау алдындағы зерттеу (инжиниринг), пәндік саланы, олардың өзара байланысын жүйелі талдау;
  • техникалық жобалау (реинжиниринг), үрдістер мен жүйелерді модельдеу;
  • ақпараттық технологияларды іске асыру құралдарын әзірлеу (әдістемелік, ақпараттық, математикалық, алгоритмдік, техникалық және бағдарламалық);
  • ақпараттық қоғам экономикасы жағдайында әр түрлі бейіндегі кәсіпорындарда және қызметтің барлық түрлерінде кәсіби қызмет объектілерінің технологияларын әзірлеу және енгізу;
  • жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды техникалық жабдықтау, компьютерлік жабдықтарды орналастыру;
  • ғылыми-зерттеу қызметі, монтаждау-реттеу қызметі, сервистік-пайдалану қызметі.

«6B06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мамандықбойыша лауазымдар тізбесі

Жүйелік-талдаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша маман; деректер қорының әкімшісі; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы, мобильді қосымшаларды әзірлеуші; деректер қорын басқару жүйесі жөніндегі маман; АТ саласындағы бизнес-талдаушы, бағдарламашы-талдаушы, АТ жобаларының менеджері.

Студенттер халықаралық ғылыми жарыстарға, «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзіреттілігі бойынша WorldSkills ұлттық чемпионатына қатысып, жүлделі орындарғы ие.

Республикалық пәндік олимпиадалар мен Республикалық СҒЗЖ конкурсының нәтижелері бойынша студенттер жүлделі орындарға ие.

Облыстық және республикалық деңгейдегі дипломдық жұмыстар конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие.

Оқуды аяқтағаннан кейін студент «6B06101 - Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры саласындағы академиялық дәрежеге ие болады.

Түлектердің «7M06101 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ШҚМТУ магистратурасында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік бар.