ШҚТУ жұмыс берушілер

ҚҰРМЕТТІ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР!

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сіздерге кәсіпорындарыңызды жас кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынады.

Мансап орталығы:
  • Жас маманды/түлекті таңдауға көмек көрсету. Мәлімделген бос орындарға үміткерлерді іріктеу өтініш берушінің білім деңгейіне, кәсіби және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарыңызды ескере отырып жүзеге асыру.
  • Бос жұмыс орындарына үміткерлермен әңгімелесу немесе конкурстық іріктеу жүргізу. Біз сізге ең қолайлы үміткерлерді ұсынамыз. Барлық үміткерлермен әңгімелесу кезінде сіз талаптарыңызға сәйкес келетін түлектерді таңдай аласыз.
Мансап орталығы қамтамасыз етеді:
  • ШҚТУ түлектері туралы ақпаратты, белгілі бір кәсіпке сұраныс деңгейін, экономика секторлары контекстіндегі еңбекақы деңгейі жайлы, персоналды басқару саласында нақты және негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Мансап орталығы жүргізеді:
  • Кәсіпорынның студенттермен кездесуін және табысты бітірушілермен жұмысқа орналасу немесе тағылымдамадан өту мәселелері бойынша «Қонақ дәрістерін» ұйымдастыру.
  • Университет қабырғасында жұмыс беруші-компаниялардың қатысуымен мамандар жәрмеңкесін, мансап күнін.
  • Бітірушілерді таныстыру
  • Білім беру бағдарламаларының презентациясы
  • Кәсіпорынға, компанияңызға және ұйымыңызға негізделген мансап күні.

Маңызды іс-шараларды өткізуге және қажетті кадрларды таңдауға көмектесу үшін сіз тағлымдамадан өтуге, бос орындарға және студенттермен кездесуге өтініш қалдыра аласыз.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ң Мансап орталығымен хабарласыңыз.

Бізде жұмысқа үміткерлер туралы ең толық ақпараттар бар.

Кадрларды іріктеу кезінде жұмыс берушінің мүдделерінің басымдығы мыналарға ықпал етеді деп үміттенеміз:

  • Іскерлік байлансымызды нығайту;
  • Бос жұмыс орындарының банкін қалыптасрыу;
  • Сіздің кәсіпорыныңыздағы жұмыспен қамту деңгейін арттыру.