6B11301 - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Таңдау бойынша тестіленетін пән - математика.

Профиль бойынша пән – география.

6В11303 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы тасымалдауды ұйымдастыру және жол қозғалысының қауіпсіздігі саласында жоғары білікті мамандарды дайындауға арналған және қалыптастырады: 

  • материалдық ағындар, көліктік үрдістер, логистикалық жүйелер, көлік түрлерінің өзара әрекеттесу қағидалары, көрсеткіштерді есептеу дағдылары туралы білу;
  • жүргізушілерді дайындау, қозғалысты ұйымдастыру, автомобиль жолдарын тексеру, ЖКО төмендету әдістері; қауіпсіздік тұрғысынан КҚ құрылымын талдау, бағалау саласындағы білімдер;
  • көлік жұмысын ұйымдастыру, ішкі және халықаралық тасымалдарда көлікті пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажетті білім;
  • жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін талдау, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және ЖҚҰ техникалық құралдарын тиімді қолдану дағдысы.

«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген  түлектеріне қызмет көрсету саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасының түлектері әртүрлі меншік түріндегі жолаушылар және жүк автомобиль көлігі кәсіпорындарында, көлік-экспедициялық кәсіпорындарда, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ ІІМ Әкімшілік полиция жүйесінде, автокөлік және жол-пайдалану кәсіпорындарының қозғалыс қауіпсіздігі қызметтерінде, оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, автотехникалық сараптамаларында, көлік құралдарын сертификаттаумен айналысатын мекемелерде, сондай-ақ сақтандыру көлік компанияларында жұмыс істейді.

Кәсіби қызмет саласы:

  • жүктер мен жолаушылардың тасымалдау үрдісін ұйымдастыру және оңтайландыру;
  • ЖКО және апаттық жағдайлар кезінде саптық бөлімшелердің құрамында жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;
  • ЖКО және апаттық жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • ЖКО жағдайында тіршілік әрекетін қамтамасыз ету;
  • көлік үрдісінің қауіпсіздігін басқарудың геоақпараттық жүйелерін пайдалану.

Кәсіби қызмет объектілері - көлік кәсіпорындары мен бөлімшелері, көлік және мемлекеттік көлік инспекциясының аймақтық басқару органдары, көлік-экспедициялық кәсіпорындар мен ұйымдар.

Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы:

  • тасымалдау үрдісін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
  • ЖКО және олардың келеңсіз салдарын төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
  • көліктің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
  • тасымалдау үрдісін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу.