10-БФК-1 тобы «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты кураторлық сағатты өткіздік. Бұл шараға Экономика және Менеджмент факультетінің деканының тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары Ережепова С.К., Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының аға оқытушысы Тоқсанбаев А.А., Философия және адамның дамуы проблемалары кафедрасының аға оқытушысы Уалиева С.К., Инновациялық менеджмент кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Масенова А.М. және де университетте орналасқан медициналық көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Қонақтарымыз бұл шараға белсенді атсалысып, өз ойларымен бөлісті. Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының аға оқытушысы Тоқсанбаев А.А. студенттерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде нашақорлық, шылым шегу және де ішімдік ішу туралы бекітілген заңдармен таныстырып, олардың қандай жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіріп өтті. Философия және адамның дамуы проблемалары кафедрасының аға оқытушысы Уалиева С.К. өзінің шетелде біліктілігін арттырганда алған тәжірибесінен қазақстандық азаматтар мен шетелдік азаматтардың ішімдікке деген көзқарастарын ажыратып көрсетті. Ал Экономика және Менеджмент факультетінің деканының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ережепова С.К. университетімізбен бекітілген ережелердің жағымсыз қылықтарға қолданылатын шараларды және жұмыс барысында кездескен оқиғаларын мысалға келтіріп әңгімемізді толықтырды. Бұл кураторлық сағатымызды Инновациялық менеджмент кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Масенова А.М қорытындылады.
Нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну жүріс-тұрыс қауіп-қатер факторы болып табылады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, отбасы тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да назарсыз қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де мықты ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек. Топ студенттері осы тақырыпқа байланысты слайдтар мен видео көрсетілімдерін көрсетіп баяндамаларын оқыды. Бұл кураторлық сағаттың ең басты мақсаты - топ ішіндегі студенттердің нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке әуесқойлықты болдырмау болып табылады. Салауаттылық - денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бірден-бір қайнар көзі. Сондықтан еліміз де алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткіге қарсы саясатты қолға алып отыр. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Бұл өткізген кураторлық сағатымыз арқылы болашақ жастарды бұндай әрекеттерден аулақ болуына өз үлесімізді қосып, «Салауатты өмір салтын қолдауға» шақырамыз!
10-БФК-1 тобының белсенділері: Н.Турсынканова, А. Окасова