Кедейліктің барлық нысандарын жаппай жою.
Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ету.
Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамға қолайлы жағдай жасау.
Жалпыға бірдей әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы оқу мүмкіншіліктерін қолдау.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту.
Барлығы үшін су мен канализацияның қолжетімділігін және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Баршаға қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Тұрақты, инклюзивті және экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығы үшін лайықты еңбекке жәрдемдесу.
Тұрақты инфрақұрылымды құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларды ынталандыру.
Ел ішіндегі және арасындағы теңсіздікті азайту.
Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Тұрақты тұтыну мен өндіріс үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету.
Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау.
Тұрақты даму мүддесіне орай мұхит, теңіз және теңіз ресурстарын сақтау және оларды ұтымды пайдалану.
Жер бетіндегі экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалануды ынталандыру, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің тозуын тоқтату және кері қайтару және биоәртүрліліктің жоғалуын тоқтату.
Тұрақты даму мүддесіне орай бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлық адамдар үшін сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және оған негізделген мекемелер құру.
Тұрақты даму мүддесінде жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.