"Үлбі" қалалық әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған наурыз мерекесі өтті. Аталмыш шараға Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ жанынан құрылған "Нұрлы жүрек" еріктілер клубының бастамасымен университет жанындағы "Серпін" штабы, "Жоғарғы студенттік парламент", "Жас Отан" ЖҚ белсенділері, С. Аманжолов ат. ШҚМУ студенттері, №20 мектеп оқушылары қатысып қайтты. Концерттің бағдарламасы өте тыңғылықты қүрылғандықтан, концерт жақсы деңгейде өткенін ескере кеткеніміз жөн. Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрі "Сырға салу" дəстүрінен үзінді көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ойындар ойнап, соңында би алаңында би билеп, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде, балаларымен келген ата-аналарын ақ дастархан басында жинап, ыңғайлы отырып, концерттік бағдарламаны тамашалауға барынша жағдай жасады. Мерекелік іс-шара соңында балаларға арнайы əзірленген кішігірім сыйлықтар табыс етілді.