Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!

Құрметті әріптестер!

Өткен жылы Елбасы, Үкімет біздің білім саласына, жастарымызға, ұстаздарға ерекше назар аударып, үлкен қамқоршылық көрсетіп, осының арқасында біршама маңызды мәселелер шешілді.

Алдағы оқу жылының басты міндеті - ұстаздардың жағдайын жақсарта отырып, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру. Бұл міндет әрбір білім беру деңгейіне қатысты. Әрбір деңгейдің өзінің ерекшілігі бар.

Біріншіден, мектепке дейінгі білім. Ең маңызды мәселелер: қамту, бірыңғай программасын енгізу және тәрбиешілерді дайындау.

Бүгін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік осы деңгейде ең жақсы дамыған. Жекеменшік балабақшалар үлесі 30%-дан асты. Бұл жалпы әлемдік көрсеткішке сай келеді. Ал 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды 93%-ға жеткіздік.

«Балапан» программасы арқылы балабақша-лардағы жалпы орын саны халықтың сұранысынан асты. Бірақ бұл республика бойынша. Аймақтарда дисбаланс бар. Ол аймақтағы жұмыс деңгейіне және миграцияға байланысты. Ірі қалаларда, әсіресе Алматы мен Астанада дефицит үлкен.

Одан кейінгі маңызды жұмыс - балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруді толығымен электронды форматқа ауыстыру. Сонда кезек жария түрде және тез жылжитын болады.

Осы жылдың ерекшелігі бала-бақшаларда оқу-тәрбие сапасын көтеріп, бір деңгейге келтіру. Ол үшін ТУПтарға өзгерістер енгіздік. Балалардың білім алуын бағалаудың бірыңғай жүйесі енгізілді.

Келесі жылдан бастап 0-ші сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындауға кірісеміз. Латынша «Әліппе» және кириллицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады.

Орта білімге өткен жылы ең көп көңіл бөлінді. Бұл білім беру деңгейінде кестеге сәйкес жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-ші кластар мазмұны жаңартылған программамен оқи бастайды.

4, 9, 10-шы кластарда апробация басталады. Кезең-кезеңімен көшіп отырмыз. Мұғалімдер дайын. Оқулықтар дайын. Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін көп жұмыс жасалды. Биыл оқулықтардың сапасы жоғары болады деп сенеміз. Оқулықтардың электрондық нұсқалары енгізілді.

Сонымен қатар, осы жылы 1-11 кластарға арналған жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары, жаңа типтік оқу жоспарлары мен оқу программалары бекітілді.

Енді тек қана бір типтік оқу жоспары болмайды, бірнеше ТУП-тарды дайындап бекіттік. Мектеп өзіне келетін жоспар бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерге осы ТУП-тар арқылы академиялық дербестік беруді дұрыс деп есептейміз.

Бұл жерде әр мектептің білуі қажет мәселе - қай ТУПпен жұмыс істейтінін мектеп өзі шешеді. Жалпы мектеп жоспарларымен қатар гимназия, лицейлер, дарынды балаларға арналған мектептер үшін де, кешкі мектеп үшін де оқу жоспарлары мұғалімдер ұсынысы ескеріліп жасалды.

«Рухани жаңғыру» программасы аясында 5-7-ші кластарда «Өлкетану» курсы биыл алғаш рет енгізіледі. Оқулықтар мазмұнын өңірлерде құрылған авторлық топтармен бірге жасадық. Бүгінгі күні оқулықтар дайын. Өлкетануды сапалы жүргізуіміз қажет.

Биыл «Информатика» пәні 3-ші кластан басталады. «Цифрлық Қазақстан» программасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-ші кластарда енгізіледі. Олардың программалары дайындалуда.

Цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді, мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет. Министрлік ұсынысымен жаңа оқу жылынан бастап әр балаға жеке логин беріледі. Енді цифрлық ресурстар үйде де, мектепте де бәріне тегін қолжетімді болады.

Мектептерге келсек, электронды құжаттарды кең жолақты Интернеті жоқ мектептерде ғана қағаз түрінде толтыруға рұқсат беріледі.

Цифровизация, яғни IT технологиялар мен робототехниканы дамыту үшін қосымша білім берудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Жергілікті атқарушы органдар робототехника, программалау, 3D-принтинг кластарын ашуда. Қазіргі уақытта бір жарым мың (1 500) мектепте осындай кластар бар. Сонымен қатар барлық өңірлерде IT-лицейлерін ашу жоспарлануда. Ол үшін біз тиісті нормативті дайындап бердік.

ҰБТ нәтижесіне қарағанда, өткен оқу жылында қазақ және орыс мектептері арасында айырмашылығы толығымен жойылды. Бірақ ауыл мен қала білім сапасының айырмашылығы сақталып отыр. Сондықтан Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, ауыл мектептерінің материалдық техникалық жағдайын жақсарту және мұғалімдерге арналған курстар биыл басталады. Бұл жобаны Парламент депутаттары қолдады, қажетті қаражат қарастырылды. Рахметімізді айтуға рұқсат етіңіз!

Келесі негізгі мәселе – бұл мұғалімдер.

Менің блогыма, жеке кездесулерде мұғалімдерден сұрақтар өте көп түседі. Соның басым көпшілігі - мұғалімдерді басқа жұмыстарға тарту. Оны шешу үшін, біріншіден, естеріңде болса, былтырдан бері үй аралауды алып тастадық. Бірақ осы уақытқа дейін мұғалімдерді бөгде жұмысқа тарту облыстардың практикасында әлі сақталуда. Оны білеміз. Бүгін осы залда отырған облыс әкімдерінің орынбасарлары білім басқармаларының басшыларымен бірге осы тәжірибені жүйелі түрде тоқтату қажет.

Министрлік өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттардың тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек 5 құжат, одан басқа мұғалімдерден ешқандай есеп, ешқандай қағаз сұралмауы тиіс. Мектеп директорлары осыны орындауы керек. Тексеруші органдар, ДКСО тексеру кезінде оны ескеретін болады.

Жаңа оқу жылынан бастап ҰБТ-ға қатысу міндетінен мұғалімдерді босату талқылануда. Министрлік оны қолдайды. Мұғалім тек сапалы білім берумен айналысуы керек. Мектептердің ҰБТ бойынша рейтингін де алып тастадық.

Мұғалімдердің және мектеп администрациясының құқығын қорғайтын және міндетін реттейтін мектеп пен ата-ана арасында келісімшарт жасауды алғаш рет енгіздік. Екі тарап өз міндеттерін және құқығын білетін және орындайтын жүйе қалыптастыру өте маңызды.

Осының барлығы мұғалім жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар.

Енді мұғалімдерге қойылатын талаптар мен ынталандыру жайында. Барлықтарыңыз білесіздер, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Үстемақының тек қана 18 сағатқа төленетінін біз білеміз. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз.

Және биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақыны қарастырады.

Аттестаттауға мамыр айында 60 мыңға жуық мұғалімдер қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Олар 63%-ды құрады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді.

Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер оны ағымдағы жылғы қарашада қайта тапсыра алады.

Сонымен бірге ағымдағы жылы 110 мыңнан астам педагогтар республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.

8 мыңнан астам пән мұғалімдері жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік курстарда оқуда. Олардың 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріседі.

«Ұстаз» орталығы барлық өңірлерде ағылшын тілінде сабақ бере бастайтын төрт жарым мыңнан (4 500) астам мұғалім үшін менторлық арқылы қолдау жасайды. Бір жыл бойы бұл мұғалімдерді толығымен қолдап, үйретіп, сабақтарына қатысып, нақты көмек көрсетілетін болады.

Өткен оқу жылы 510 мектеп кейбір пәндерді ағылшын тілінде пилот ретінде оқытса, осы оқу жылы әкімдіктер бекіткен тізімге сай екі мың екі жүзден астам (2 260) мектеп бастайды деп жоспарлануда.

Енді мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесі. Мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді. Жаңа қағидаларға сәйкес кандидат 4 этаптан тұратын конкурстан өтеді: мектептің қамқоршылық кеңесі, заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісуі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат. Мектеп директоры тек 4 жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өту мүмкіндігі бар.

Жаңа оқу жылының маңызды ерекшелігі - әр мектептің өзі дербес шешім қабылдауында. Ол үшін Педагогикалық кеңестің шешім қабылдау құқығын кеңейтіп, нормативтік өзгеріс жасап бердік. Ендігі жерде бес күндік оқуды жалғастыру, ТУП-тарды таңдау, пәндерді ағылшын тілінде жүргізуге көшу, экстернатқа рұқсат беру, ГОСО бойынша кластарды кейбір пәндерді оқытуда бөліп, не бөлмей оқыту, білім сапасын мониторингтеу, тағы да басқа сұрақтарды педагогикалық кеңес өзі шешеді.

Сонымен бірге, қамқоршылық кеңестің белсенділігін көтерсек, қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешімін табатын болады.

Мұғалім мәртебесін одан әрі көтеру үшін арнайы Заң қабылдауға ұсыныс береміз.

Жан басына қаржыландыру механизмін ендіру жалғасуда. Тиісті норматив бекітілді. Астана қаласында толығымен 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепте енгізілуде. Бұл жұмыс Шымкент қаласында да басталды.

Жан басына қаржыландыру - маңызды мәселенің бірі, жергілікті атқарушы органдарға осыған жеткілікті назар аударуды сұраймын. Себебі, республикалық бюджет есебінен жыл сайын 110-нан 170-ке дейін мектеп салынады. Алайда, үш ауысымды және апатты мектептер проблемасы сақталуда. Бұл проблеманы ірі қалаларда жан басына қаржыландыру механизмі арқылы шешетін боламыз.

Үш ауысымды мектептер болуының басты себептері – демография және миграция. Дерек келтірейін. 2000-шы жылы елімізде 222 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы шамамен 400 мың балаға жетіп отырмыз. Бұл өте қуанышты жағдай. Бірақ жаңа мектептер салынуына болмаған сұранысты тудырып отыр.

Енді миграция, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 320 мыңнан астам азамат аймақаралық миграцияға қатысқан. Мысалы, 2017 жылы Астанаға еліміздің басқа аймағынан 80 мыңға жуық адам көшіп келді, олардың 17 мыңға жуығы балалар. Бұл шамамен жыл сайын жаңа 15 мектеп салуға қажеттілік тудырады.

Олай болса, мемлекет мектепті жаппай салуға бұрын болмаған қаражат бөлсе де, осы мәселені толығымен шешу үшін бизнестің қатысуы өте маңызды. Жан басына қаржыландыру арқылы жекеменшік компанияларды мектептерді салу жұмысына тартуды барлық қалаларда бүгінгі күннен бастап қолға алу қажет. Республикалық бюджетте жекеменшік компанияларға инвестицияны қайтарып беру қаражаты қарастырылған, нормативтік базамыз бар, Астана қаласы бастап кетті. Облыстардың әкімдеріне осы мәселеге назар аударуды сұраймын.

Как уже сказано, в прошлые 2-3 года было уделено основное внимание среднему образованию, как наиболее крупному, являющемуся платформой образования вообще, и требующему, на тот момент, кардинальных решений. Этот год – год масштабного повышения ответственности колледжей и высшего образования, тех кто выпускает уже специалистов на рынок труда, перед населением за качество подготовки. Это год повышения ответственности.

Высшее и послевузовское образование

Мы начинаем с двух базовых понятных основ качества. Первое, это современные образовательные программы и второе, высокие требования к студентам.

Закон об академической свободе дает возможность ВУЗам оперативно обновить образовательные программы. Рейтинг образовательных программ НПП «Атамекен», основанный на занятости и оценке профессиональных союзов работодателей, а значит на востребованности и современности образовательных программ, дает ВУЗам четкое направление обновления. Мы считаем, что платформа для решения этой задачи заложена.

Теперь время повышения ответственности ВУЗов. Глава Государства пошел на беспрецедентное увеличение образовательных грантов на 10 тысяч в прошлом году, и еще на 20 тысяч в этом. Разрешите мне от имени всех выразить нашу глубокую благодарность Нурсултану Абишевичу. Нам оказано большое доверие, поэтому ответственность ВУЗов за качество – стала задачей №1.

Как мы будем ее решать? Первое, на базе рейтинга основанного на занятости выпускников Министерство начнет принимать меры по отзыву лицензий у ВУЗов по специальностям, где мы все видим идет низкое трудоустройство. 17 лицензий в этом году уже отозвано. Работа будет усилена. Это приведет к профилизации вузов по основным направлениям. Там где они могут хорошо преподавать, пусть преподают. Там где диплом не дает хорошей востребованности, преподавать не имеет смысла.

Второе, повысятся квалификационные требования к университетам отдельно, институтам отдельно, академиям отдельно. Разработана новая пруденциальная, объективная, независимая от МОНа система, кто может называться университетом, институтом, академией, которая сегодня проходит обсуждение с ректорами ВУЗов.

Третье, мы целиком поддерживаем создание лиги за академическую требовательность. Это инициатива самих ВУЗов. Мы с гордостью можем сказать, что в Казахстане создается лига ВУЗов, которые системно поставят высокие требования к студентам, академическую честность, высокое имя своего ВУЗа над текущей рыночной конъюнктурой. Об этом сегодня ВУЗы-инициаторы сами расскажут.

Это не все меры, которые мы будем предпринимать. Есть KPI для ректоров государственных ВУЗов, есть обязательный антиплагиат, есть поэтапное внедрение сертификации для выпускников регулируемых профессий и так далее. Но, все что Министерство делает либо идет от самих ВУЗов, либо с ними широко обсуждается.

Многое, что внедряется в высшем образовании, затронет и колледжи.

По поручению Главы государства в рамках «бесплатного ТиПО для всех» доля студентов, обучающихся по госзаказу, увеличена до 54%. Это позволило остановить негативный тренд ежегодного сокращения контингента колледжей, продолжавшийся последние 5 лет.

Внесены дополнения в Закон «Об образовании» в части ТиПО. Для обновления содержания на основе требований WorldSkills по всем 246 специальностям разработаны модульные программы, содержание программ и ожидаемые компетенции согласованы с работодателями. Теперь надо активно внедрять. То есть полностью переходить на новые программы.

Как вы знаете, Казахстан принял участие в трех международных чемпионатах WorldSkills и в 2017 году занял в ОАЭ - 24 место из 77 стран, это +26 позиций за 2 года. То есть, новые программы начинают давать свои результаты.

За последние два года мы перевели 500 ключевых зарубежных учебников, необходимых для системы ТиПО. На них будет основываться преподавание спецдисциплин. Около 10 тыс. преподавателей и мастеров мы обучили по новому содержанию, 5 200 на этот год у нас заявлено, и последняя группа из 5 200 – в следующем 2019 году. То есть, по большому счету мы обеспечим колледжи и новыми программами, и преподавателями, которые их понимают, и базовыми учебниками.

Для повышения статуса работников ТИПО, мы планируем распространение Национального квалтеста в 2020 году по аналогии со средним образованием. 2019 год – год разработки тестовых заданий, проработка доплат за квалификацию и так далее.

Теперь задачи колледжей. Нам нужна профилизация. Как и в высшем образовании со следующего года НПП «Атамекен» запускает рейтинг колледжей, который станет основой для формирования госзаказа, корректировки образовательных программ, с учетом требований рынка.

На сегодняшний день сокращено 109 дублирующих и невостребованных специальностей ТиПО, что привело к изменению профиля 66 и объединению 20 колледжей (из 477 осталось 467). Эту работу мы будем продолжать, основываясь на занятости выпускников, там где преподается не так, как надо, не то что надо и в результате выпускники не устраиваются на работу – лицензии на это направление надо пересматривать.

С сентября т.г. все колледжи переходят на подушевое финансирование. Год мы в трех регионах пилотировали. Акиматам надо на это обратить внимание.

Большой вопрос – это кредитная технология. С начала нового учебного года будет проведен пилот в 46 колледжах совместно с ВУЗами-партнерами и Теперь кредиты, полученные студентами колледжей, будут автоматически засчитываться при переходе в вуз. Пока в пилоте, но в следующем году - полностью.

Следующая важная инициатива – это расширение дуального обучения. Она заключается в привлечении НПП «Атамекен» в профессиональную практику студентов колледжей. А именно в определении наставника с производства и его оплаты. У них 300 предприятий-партнеров есть, они успешно работают. Мы надеемся, что это позволит повысить вовлеченность студентов в дуальное обучение. Сегодня дуальным обучением охвачено всего 12%. Эта доля должна быть повышена, как минимум, до 20%.

Коротко о двух направлениях. По защите прав детей.

В 125 детдомах воспитываются пять с половиной тысячи детей. Только за последний год количество уменьшилось на 1 000 детей. Продолжается работа по передаче детей на патронатное воспитание и усыновление. Только в этом году в семьи казахстанских граждан переданы почти полторы тысячи воспитанников. Работы здесь очень много. Мы отдельно в этом году будем много собираться. И это направление усиливать.

В сфере науки - главный тренд это интеграция науки и бизнеса. В этом году отбор всех научных проектов осуществлялся с 50-процентным участием представителей бизнеса.

Бизнес активно начал софинансировать науку. Доля расходов бизнеса в общем объеме затрат на НИОКР в прошлом году составила 32,3%. По сравнению с 2016 годом доля выросла на 2 процента.

Также идет процесс интеграции казахстанской науки в международное научное сообщество. Так почти пятьсот наших научных проектов выполняются с участием зарубежных ученых. Вот эту работу надо усиливать.

Мы планируем в течение 3 лет обучить более 3 тысяч ученых английскому языку и процедуре подачи заявок в международные научные организации.

Все задачи и направления нашей науки будут обсуждаться с научным сообществом.  

Құрметті әріптестер, ұстаздар!

Білім беру жүйесі жаңа оқу жылына жалпы дайын.

Көріп отырғаныңыздай, өткен оқу жылында көп жұмыстар атқарылды. Және биік маңызды мақстарымыз алдымызда тұр.

Әрбір педагогтар ұжымына білім саласын дамыту жолындағы идеяларын іске асыруға шығармашылық табыстар тілеймін.

Барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймын!

Назарларыңызға рахмет!