Қазақ және орыс тілдер кафедрасындағы «Абай» клубы мүшелері «Рухани жаңғыру» аясында мамыр айының 22-24 этнос өкілдері арасындағы қалалық «Шәкәрім оқулары» және «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» байқауына қатысып қайтты.
Бірінші кезеңде Шәкәрім өлеңдері оқылды. Екінші кезең Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріне арналды. Ал үшінші өнер сайысы болып өтті. 17- ГРК-1 тобының студенті Мария Осколкова 1 орынға ие болды.
Қалалық «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері» байқауына М. Нұратаев, Е.Дүйсенбек, Р. Оралова қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
Байқау үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде прозалық шығармаларды оқу, екінші кезеңде поэзиялық шығармалар оқу байқаулары өтті.
Сөз өнерін сүйетін, ақын жанды жас абайтанушыларға жарқын болашақ тілейміз!