Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз - Шежіре күні аталып өтті. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелейді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.
Шежіре күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ –дың қазақ және орыс тілдері кафедрасында 20-МК және 20-ГДК-2 топтары студенттерінің қатысуымен аталып өтті. Студенттер: Шежірені білу бүгінгі күні міндетті болып табыла ма? - деген сұрақ төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Түрлі пікірлер айтылып, дәлелдер келтірілді. Шара соңында негізгі түйін ретінде шежірені білгеніміз дұрыс деген қорытынды ой айтылды. Алайда ол орынсыз мақтан мен дақпырттың құралына, бәсекенің алаңына айналмауы тиіс. Қазақ біртұтас ел екендігін еш уақытта ұмытпағаны жөн.