Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ техникалық саладағы мамандарды даярлап қана қоймай, өңірдегі кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Университеттің ғылыми мамандары кәсіпорын жұмысшыларына біліктілікті арттыру курстарын өткізіп тәжірибелерімен бөліседі. Жақында сондай курстардың бірін ШҚТУ-дың «Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы технологиялар құзыреті және трансфері орталығының» басшысы Валентина Колпакова өткізді. Ол «Востокэнерго» ЖШС қызметкерлерімен «су тарту ұңғымаларын пайдалану және жөндеу, су тарту ұңғымаларының гидрологиялық және гидравликалық есептері» тақырыбын талқылады.

- Валентина Павловна өзінің жоғары кәсібилігін көрсете отырып, су жинау құрылыстарының гидрологиялық есептеулерінің ғылыми-әдістемсін әзірлеп, "Востокэнерго" ЖШС қызметкерлерінің алған білімдерін практикада қолдану бойынша жұмыс жасады. Біз ШҚТУ-мен әрі қарай өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп үміттенеміз,- деді кәсіпорынның бас директоры А. Стрельников.

Аталған кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері Валентина Колпаковаға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.