Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысты.

2020-2021 жылдарға арналған конкурс нәтижелері бойынша келесі студенттер Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды:

  • I дәрежелі дипломмен «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 4 курс студенті Арайлым Абдрахманованың «Оқушылардың ұтымды тамақтану үрдістерін компьютерлік моделдеу» ғылыми-зерттеу жұмысы атап өтілді. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к. Женисгуль Толеухановна Рахметуллина.
  • III дәрежелі дипломмен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Спивак Дмитрий марапатталды. Ғылыми-зерттеу жұмысы - «Разработка системы умной парковки». Ғылыми жетекшісі: ҒЗҚжЦ жөніндегі проректор, ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Наталья Федоровна Денисова.
  • III дәрежелі диплом «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 4 курс студенті Аяжан Серіктаеваға берілді. Ғылыми-зерттеу жұмысы - «Дәрілік препараттарды дайындау технологиялық үрдістерінің сапасын бағалаудың алгоритмдік және компьютерлік модельдерін құру». Ғылыми жетекшісі: PhD докторы Индира Махмутовна Увалиева.

Толық ақпаратты сайттан көруге болады: https://iitu.edu.kz/ru/articles/article2/nirs/respublikanskii-konkurs-nirs-2021/