Гуманитарлық білім беру және дене тәрбиесі мектебінің «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасы мен «Алтын бесік - Мұзтау» студенттік клубының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 29 сәуір күні https://bbb.ektu.kz платформасында «Туған Жер Fest - Туған Жерге тағзым» онлайн-шарасы өткізілді.
2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.
Іс-шараның мақсаты - ШҚМТУ студенттерінің Кіші Отанымен таныстыру, туған жерге, мәдени мұра мен салт-дәстүрге деген ерекше көзқарасты насихаттау.
Фестивальдің ашылу рәсімі кафедра меңгерушісі Р.Қ. Айдарбаеваның құттықтау сөздерінен басталды: «Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Бүгінгі шарамыз дәстүрлі шараға айналды. Өткен жылы «Ғажайып Қазақстан» атты прензентациялар сайысы өткен болатын. Биыл соның жалғасы ретінде онлайн-фестиваль өткізудеміз».
«Елге патриоттық сезім туған жерден басталады. Бүгінгі онлайн-фестивальдің мәні үлкен. Студенттер өздерінің туған өлкелерінің табиғаты, тарихы, мәдениеті туралы қызықты мәліметтер ұсынады деп сенемін» - деп кафедраның аға оқытушысы А.Ф. Джаксылыков фестивальдің сәтті өтуіне тілек білдірді.
Білім ордамыздың 1-2 курс студенттері Қазақстанның елді мекендері – ауылдардың (Қасым Қайсенов кенті, Ақсуат, Катон-Қарағай, Маңырақ, Шілікті, Бұқарбай Батыр, І.Жансүгіров, Жігерген, Қалбатау, Қожабақы, т.б.), аудандардың (Бесқарағай, Қазығұрт, Марқакөл, Шардара, Созақ) мен қалалардың (Өскемен, Талдықорған, Шемонаиха, Үштөбе, Шымкент, Мерке) және Монғолияның (Баян-Өлгий аймағы) тарихы, мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырды.
Шараға 65 студент қатысты. Үлкен қызығушылықты 19-ПСК-1 (Баяндинова Альфия, Бахытжан Жангелді); 19-РТК-1 (Зайнулда Алина, Маулканова Камила, Болатова Жансая, Жианбекова Жасмина); 19-ЭЛТК-1 (Жеңісов Ришад, Бегимов Ғалым; 18-ГТК-2 - Болатхан Инабат, Жәнібекқызы Әлия, Исағали Назерке, Бегалы Зада, Бекен Батыр, Жеңіс Айсымбат, Қалымбек Мұхит); 18 ГТК-1 (Келісханқызы Шуақгүл, Ауғанбаева Аяулым, Әбдісеит Бағжан, Азаматов Кемелбек); 18 ГТК-5 (Шакенова Ақниет, Сейтбек Қуаныш, Серік Ақерке); 19 АРК-1 (Мэлс Нұржан, Кызметов Сырым; 18-ГТК-3 – Ислам Ұлан, Саттар Дәіржан); 18-ГТК-4 (Қуантай Әдия, Тажибай Дархан); 18-ЗУК-1 (Үміт Сымбат) топтарының студенттері танытты.
Фестивальға қатысушылардың материалдары Youtube каналына орнастырылынды - Туған Жер - Фест - Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ https://www.youtube.com/channel/UCqYOLp-ClZU9xIenN3IRqvg/videos?view=0&sort=da&flow=list&live_view=500
Онлайн шараға қатысушылар өздерінің туған жерлерімен мақтанамыз, болашақта өз өңірлеріміздің дамуына өз үлестерімізді қосамыз деп қорытындады.
Онлайн-шараны ұйымдастырушылар «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасының доценті К.С. Калиева, студенттерге жетекшілік жүргізген қафедраның аға оқытушысы А.Ф. Джаксылыков және «Алтың бесік - Мұзтау» студенттік клубының жетекшілері –Урюстюмова А.И., Қасен Н.
К. Калиева
ҚР және РФ т.ғ.к., ҚТ және ӘСП кафедрасының доценті