Бүгін Д.Серікбаев атындаға ШҚТУ –дың бірінші проректоры Сауле Рахметуллина, Академиялық қызмет жөніндегі проректор Жадыра Конырбаева және мектеп декандары Жамбыл облысының мектеп және колледж түлектерімен онлайн кездесу өткізді.  Жиынға барлығы 500 түлек қатысты.

Кездесу барысында ШҚТУ қызметкерлері  университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, жоғары білімнің артықшылығы, қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту мүмкіндіктері, қабылдау ережелері, екі дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту және шетелде тағылымдамадан өту туралы, әскери кафедрада оқудың артықшылықтары туралы баяндады.

Жамбыл облысының түлектері қызықтырған сұрақтарын чатқа жазып, тұшымды жауап ала алды.

Аталған кездесуді ұйымдастыруға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы" КММ басшысы Дархан Есжанов пен  әдіскер Асима Пернебаева көмек көрсетті.