Жобаның мақсаты:
Университет түлектерін тұлғааралық және корпоративтік қарым-қатынастарды қалыптастыру, олардың кәсіби ілгерілеуі мен өзін-өзі дамытуы, мәртебесін нығайту үшін түлектердің әлеуетін тиімді пайдалану негізінде біріктіруге бағытталған іс-әрекетке жәрдемдесу.
Жобаның нәтижелері:
Университет түлектерінің жұмыс істеп жатқан қауымдастығы, университет мектептері жанындағы қауымдастықтың жұмыс істеп тұрған филиалдары, қауымдастық қызметін ақпараттық қолдаудың тиісті деңгейі, түлектер қауымдастығы қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу.
Жобаның басталу және аяқталу мерзімі:
- басталуы-2020 жылғы желтоқсан
- аяқталуы-2021 жылғы желтоқсан.
Қолда бар ресурстар:
Университет түлектерінің қауымдастығы, өткен жылдардағы университет түлектері, университет ұжымы, білім алушылар, университеттің әлеуетті корпоративтік серіктестері мен одақтастары
Қажетті ресурстар:
Түлектер қауымдастығы президиумының жұмысқа қабілетті құрамы, университет мектептерінен түлектермен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлер, университет түлектері қауымдастығының жаңа мүшелері, түлектер қауымдастығының қолданыстағы сайты
Жобаның тәуекелдері:
- университет түлектерінің альма-матермен байланысын жоғалтуы;
- университет түлектерінде альма-матермен тығыз байланыс орнатуға ынтаның болмауы;
- жаңа коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты республиканың тұрақсыз экономикалық жағдайы.
Жобаның пайдалылығын негіздеу:
ШҚТУ Қазақстан Республикасының жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде түлектерге университетпен өзара әрекеттесуге және байланыс орнатуға көмектесуге міндетті. ШҚТУ бай орта құрып, оны түлектер өздерінің амбицияларына сәйкес мүмкіндігінше ыңғайлы түрде өзара әрекеттесу жолын таңдай алатындай етіп құнарландыру керек.