«Industrial AI» құзыреттілік орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында жасанды интеллект технологияларын әзірлеу және бейімдеу, сонымен қатар тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін автоматтандыру мен роботтандыру үшін құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін ЖИ жүйелерін дамыту және негізгі (барлау, өндіру, байыту, металлургия) және қосалқы (энергетика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, экология және т.б.) тау-кен металлургия секторындағы компаниялардың процестерінде пайдалану.