АКТБ студенттерді құрылыс, сәулет және дизайн саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға тарту үшін құрылған. АКТБ-да оңтайлы сәулет және конструктивті-технологиялық шешімдерді іздеумен байланысты жалпы кәсіби құзыреттер пысықталады.

АКТБ мақсаты - студенттер мен магистранттарды курстық, дипломдық жобалар мен магистрлік диссертацияларды орындау кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын конкурстарға дайындау.

АКТБ міндеттері - ғылыми-техникалық әдебиеттермен, дипломдық жобалар мен магистрлік диссертацияларды қорғауға, ғылыми-техникалық конференциялар мен семинарларға ғылыми мақалалар, баяндамалар мен презентациялар дайындау, ғылыми жұмыстарды ресімдеу ережелерімен жұмыс істеу дағдыларын игеру.

BIM-жобалаудың жаңа ақпараттық технологияларын оқу процесіне енгізу арқылы Сәулет және құрылыс мамандықтары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.