Тәрбие, аудиториядан тыс жұмыстар факультеттің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі.:

  • Жалпы ұйымдастыру мәселелері;
  •  Оқу-тәрбие жұмысы;
  • Құқықтық тәрбие;
  • Адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
  • Дене шынықтыру;
  • Еңбек тәрбиесі. 

Қазан айында ректорат, интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық басқармасы, Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыста келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен танысу;
  • Шетелдік азаматтарды Қазақстан Респуликасында болу, есепке алу және тіркеу қағидаларымен таныстыру туралы;
  • Тыңдаушыларды Университеттің ішкі тәртіп Ережелерімен, ЖОО Жарғысымен, жатақханада тұру ережесімен таныстыру;
  • Оқу үдерісін ұйымдастыру туралы.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ  “Foundation” тыңдаушыларына арналған анықтамалық-жолсілтеме, кітапша түрде жасалнып таратылады. Онда оқу үдерісін кредиттік оқу технологиясы бойынша ұйымдастырудың негізгі ережелері, университет және оның құрлымдық бөлімшелері туралы ақпарат, тыңдаушыларға қойылатын жалпы талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері, тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесінің негізгі ережелері көрсетілген.