Кафедрада әрбие үдерісін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі, студент жастарды тәрбиелеу мәселелері жөніндегі Университеттің жұмыс жоспары ұдайы орындалып тұрады. Болашақ мамандығы туралы студенттердің көбірек ақпарат алулары үшін «Ашық есік күнінде» кафедрада ақпараттық технологиялар саласының жетекші ғалымдары және мамандарымен қызықты кездесулер өткізіліп тұрады. Нашақорлық, шылым шегу, СПИД-ке қарсы күреске арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Біздің мамандықтардың студенттері студенттік өзін-өзі басқару органдарына, ал топтары - «Ең үздік студенттік топ» байқауына белсенді қатысады. Жыл сайын кафедра студенттері Студенттік ғылыми конференциясына, пән олимпиадаларына, «1С-Карьера» іс-шарасы мен байқауына, студент-түлектер Мамандар жәрмеңкесіне қатысып тұрады. Біздің кафедрамыздың бүкіл ұжымының қызметінде кәсіптік бағдар беру жұмысы алдыңғы қатардағы жұмыстарға жатады. Ең жақсы деген түлектердің біздің мамандықтарға оқуға түсуіне тек оқытушылар емес, сондай-ақ студенттер де қызығушылық білдіреді. Студенттер Университетіміздің «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем», «Студенттер қатарына қабылдау» сияқты және т.б. көптеген іс-шараларына белсене қатысады. Кафедра оқытушылары №3 студенттік жатақхананың студенттері арасында әңгіме және дәрістер өткізеді. Кафедраның оқытушылар құрамы жастарға салауатты өмір салтын ұстануға үлгі көрсетеді.
Тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралар:
- «жақсы» және «өте жақсы» оқитын студенттердің ата-аналарына алғысхаттарды жолдау;
- үлгермейтін студенттердің ата-аналарымен қарым-қатынас жасау;
- заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында студенттермен өзіндік жұмыс жасау;
- студенттерді ғылыми жұмысқа тарту, ҒТК, халықаралық конференцияларға, пән олимпиадаларына қатысу;
- Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару, КДМ, кәсіподақ комитеті жұмысына тарту;
- Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шараларға, «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем» және сенбіліктерге қатысуға тарту;
- Студенттердің жоғарғы оқу орнының мерекелік және мәдени-бұқаралық іс-шараларына қатысуын ұйымдастыру;
- «Аз қамтылғандарға көмек» акциясына қатысу;
- Түрлі тақырыптарға арналған кураторлық сағаттарды өткізу.