Жаңа оқу пәндері мен білім беру бағдарламаларын жобалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ, математикалық білім берудің қазіргі заманғы мазмұны мен мәселелерін көрсететін жаңа оқулықтар құрастыру;
қазіргі заманғы білім беру әдістемелері мен технологияларын, кафедра ПОҚ әзірлеген техникалық оқу құралдарын (компьютерлік бақылау және оқу бағдарламалары, мультимедиялық білім беру кешендерін, электрондық оқулықтар және т.б.) жетілдіру;
кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарларын ұйымдастыру, оқытушылардың кәсіби біліктілігін және олардың ғылыми-педагогикалық қызметінің сапасын арттыруға бағытталған Жаппай ашық онлайн курстар(ЖАОК) сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қайта дайындау және жаңа бiлiм технологиялары институты шегінде профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарын өтуі.