Кафедрадағы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі шаралар тізбегі:
- Пәндік олимпиадалар өткізу (университет көлемінде)
- Студенттік баяндамаларды Республикалық студенттер ҒТК дайындау және оларды конференция жинағына жариялау.
- Студенттерді басқа университеттердің ҒТК қатысуға дайындау.
- Студенттердің (облыстық; республикалық;халықаралық).
- конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге қатысуын ұйымдастырып, дайындау.
- Кафедрадағы СҒЗЖ үйірмелері
«5В070500 Математикалық және компьютерлік үлгілеу» мамандығының студенттері Вроцлав университетімен екі жақты келісімшарт бойынша жыл сайын академиялық жұмылғыштық бағдарламасы бойынша білім алады:
- Толықпаева Мадина (12-МК-1 тобы);
- Искакова Мадина (13-МК-1 тобы);
- Хайченко Валерия (14-МК-1 тобы).
14-MK-1 тобының студенті Рыспаев Адил Президент шәкіртақысының иегері болып табылады.
Ғылым және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін Ақпараттық технологиялар мектебіндегі «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 2- курс студенті Серіктаева Аяжан (17-МКК-1 тобы) «ТМД-2019 үздік студенті» медалімен марапатталды, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының оқу орындарының арасында өткізілетін «Үздік студент 2019» байқауы аясындағы «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» жобасының II- дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасы оқушыларды зерттеу жұмыстарына тартуға аса үлкен көңіл бөледі. Сондықтан жыл сайын кафедра оқытушылар шараларға қатысады:
- «Дарын» орталығындағы «Қала және облыс оқушыларының ғылыми жобаларын ұсыну» шарасында математика және қолданбалы математика секциясында қазылар алқасының мүшелері;
- математика бойынша аймақтық, облыстық, қалалық оқушылар олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі;
- МФИАМДБАМЛ жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істеу, арнайы курстарды жүргізу;
- аймақ оқушылары арасында математикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу: «Жас математик», «Жас талап», аймақтық олимпиада;
- математика бойынша оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік ету және кеңес беру.