Білім беру бағдарламасы тобының коды-В071 Инженерия және инженерлік іс
Күндізгі бөлім: Оқу мерзімі 4 жыл.
Бейіндік пәндер:
1 бейіндік пән – математика, 2 бейіндік пән – физика
Берілетін дәреже:
Техника және технологиялар бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Тау-кен машиналарын жобалау және жетілдіру үшін инновациялық технологияларды әзірлеуге, енгізуге қабілетті тау-кен машиналарын жасау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау
Кәсіби қызмет объектісі:
Тау-кен машиналары мен жабдықтарының механикалық тұтастығын стратегиялық, үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету
Түлектердің кәсіби қызмет саласы:
Технологиялық жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету
Маман лауазымдарының тізбесі:
- Технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеу үйлестірушісі
- Технологиялық қондырғылар жөніндегі инженер
- Техникалық қызмет көрсетуді ұзақ мерзімді жоспарлау жөніндегі инженер
- Ағымдағы және күрделі жөндеулерді жоспарлау жөніндегі инженер-механик
Кәсіби қызметтің функциялары:
- Технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеу үйлестірушісі
- 1.1. Жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету
- 1.2 Жөндеу жұмыстарының толықтығы мен жұмыстың сапасын бақылау
- Технологиялық қондырғылар жөніндегі инженер
- 2.1 . Жөндеу жұмыстарының желілік кестелерін әзірлеу, өзара байланысты жұмыстарды белгілеу, қажетті ресурстарды анықтау (еңбек сыйымдылығы)
- 2.2 Технологиялық жабдықтың сенімді, үздіксіз және апатсыз жұмысы
- 2.3 Қондырғыларға жоспарлы алдын алу жөндеулерін жүргізу жоспарларын қалыптастыру, техникалық жабдықтарға, бағдарламаларға қызмет көрсету, жөндеу жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру
- Техникалық қызмет көрсетуді ұзақ мерзімді жоспарлау жөніндегі инженер
- 3.1. Ағымдағы, ұзақ мерзімді жоспарларды құру, технологиялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсету
- Ағымдағы және күрделі жөндеулерді жоспарлау жөніндегі инженер-механик
- 4.1 Жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуді жоспарлау бойынша ұйымдастыру-техникалық жұмыстар
Оқу аяқталғаннан кейін берілетін дәреже:
"6В07116 «Тау-кен машина жасаудағы инновациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін Luban Workshop ("Лу Бан шеберханасы") заманауи инновациялық зертханасы құрылды.