Ректордың істерін басқару бөлімі – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ректордың істерін басқару бөлімі Басқарма Төрағасы – Ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, орындаушылық тәртіпті қадағалайды және университет қызметкерлерімен өзара әрекеттесу барысында ректордың ресми ұстанымын білдіреді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Басшылықтың басқарушылық қызметін ақпараттық және құжаттамалық, ұйымдастырушылық, техникалық қамтамасыз ету;
- ШҚТУ қызметкерлерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан Басшылыққа келіп түсетін хат-хабарларды шұғыл қарау;
- ШҚТУ қызметкерлерінен, басқа да ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан және Басшылардан ШҚТУ қызметкерлеріне, басқа да ұйымдардың өкілдері мен азаматтарға ақпаратты уақытылы әрі толық жеткізуді қамтамасыз ету;
- Басшылардың қатысуымен кездесулер, жиналыстар және іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ ШҚТУ-дың алқалы органдарының отырыстарын дайындау және өткізу;
- ШҚТУ Басшыларының, Ғылыми кеңестің, Басқарма отырыстарының, басқа алқалы органдар мен комиссиялардың, сондай-ақ Республикалық атқарушы билік органдарының тапсырмаларын орындауды қадағалау;
- Университеттің стратегиялық даму бағдарламасы шеңберінде жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.