Редакциялық-баспа орталығы (РБО) «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықтың міндеті – жоғары оқу орнын сапалы баспа өнімдерімен қамтамасыз ету және университеттің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жоғары кәсіби білім беру мекемесі ретінде полиграфиялық процесті жүзеге асыру.
РБО қызметінің негізгі бағыттары:
- білім беру процесін оқу әдебиетімен және қосалқы материалдармен қамтамасыз ету;
- профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін монографиялар мен ақпараттық материалдарды басып шығару, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ хабаршысы» ғылыми журналын шығару арқылы көпшілікке тарату»;
- ЖОО қызметінің бағыттары бойынша іс-шараларды полиграфиялық қолдауды жүзеге асыру;
- қажетті көшіру-көбейту және түптеу жұмыстарын орындау арқылы университеттің әкімшілік-басқару және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету.
Орталық мамандары баспа және полиграфиялық жұмыстардың барлық спектрін орындайды: редакциялау, беттеу, форматтау, дизайн, баспа, баспадан кейінгі және түптеу жұмыстары.