«Ғылым және өнеркәсіп:
cұрақтар, шешімдер және стратегиялар»
Өтетін күні: 5-6 сәуір 2024 ж., 8:30 - 18:00
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ , Серікбаев к., 19.
Форум машина жасау және тау-кен металлургия кешені саласындағы халықаралық және қазақстандық сарапшыларды біріктіреді. Форум бағдарламасы стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында өзекті ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша ЖОО, кәсіпорындар ғылыми-зерттеу институттары арасындғы іс-қимылдың алаңын құруға арналған.
Форум шеңберінде ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары және салалық кәсіпорындардың өзара іс-қимылының сәтті кейстері; ҚР ЖОО-ларының ғылыми-техникалық қызметімен танысу; кадрлар даярлаудың жүйелі ғылыми-техникалық міндеттері мен мәселелері, кәсіпорындардың өзекті жергілікті сұраныстары айқындалады; Ғылыми-техникалық тапсырманы шешу үшін консорциумдар қалыптастырылады.
Форум Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ЗТБ «Қазақстан машина жасау одағы (ҚМЖО)», ЗТБ «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың Республикалық қауымдастығы (ТМКҚ)», Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы (KAAR), «Казцинк» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС , « ТМДШ » ЖШС, «Astana Hub», «Astana Motors», «Allur»; «Arcobo», АҚФ « ПИТ » (Tech Garden), «Алтын Алмас» АҚ, « Alfa-Safety » ЖШС, «Проманалитика» ЖШС, «GEO.KZ» ЖШС, «ГРК ТОПАЗ» ЖШС, «Геопроект Восток» ЖШС, «Геос» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, ҚР ДГП «ВНИИцветмет» ҰК, «Георесурс Инжиниринг» ЖШС және т.б. сияқты жетекші салалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен өтеді. Сондай-ақ форумға қатысу үшін Tianjin Vocational Institute, Tianjin UMS smart Technology, China Automotive Technology and Research Center (CATARC), Fraunhofer Institute for Production Systems and Design Technology және т.б. сияқты шетелдік университеттер мен ұйымдардың өкілдері шақырылған.