Мақсаты: ландшафтық-географиялық, климаттық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктердің мониторингін қамтитын қала аумақтарын кешенді бағалау негізінде әртүрлі аспектілер бойынша қалалық ортаны жақсарту және оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
Міндеттері:
- кешенді бағалау және урбандалған аумақтардың модельдері саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені жинау және талдау;
- қаланың табиғи-техногендік экожүйесінің бағыттарын таңдау және мониторинг жүргізу; алынған деректерді талдау және өңдеу, өзгерістерді болжай отырып, аумақ модельдерін құру;
- қаланың табиғи-техногендік экожүйесінің жұмыс істеуінің бұзылуын бағалау процесінде анықталған шешім нұсқаларын әзірлеу.