2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне (бакалавриат) академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жарияланады.

Қаржыландыру: ұшақ пен қоныс шығындары, медициналық сақтандыру және визалық алымдар республикалық бюджет есебінен төленеді.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасына студент жеке қаражаты есебінен де қатыса алатынын еске саламыз.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • орташа балл 3,00-ден жоғары;
  • Ағылшын тілін білу деңгейі B2 (Upper - Intermediate) деңгейінен төмен емес.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:

  1. Өтініш;
    https://docs.google.com/document/d/1JMskwyaZlFNE04I8a3UYbtO4ISvPUjGc/edit?usp=sharing&ouid=104718141106081552094&rtpof=true&sd=true
  2. Анкета https://docs.google.com/document/d/1WEbbjYqnTqfyGLP-bcmQaCu9jfAZ0_de/edit
  3. Төлқұжат көшірмесі;
  4. Мөрмен расталған оқу үлгерімі туралы транскрипт;
  5. Шет тілін білу туралы сертификат (В2 деңгейінен төмен емес) немесе ағылшын тілін білуге арналған университеттік тестілеу хаттамасынан үзінді көшірме;
    Ағылшын тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://docs.google.com/document/d/1JhygtZ4D-gsOrUvNBLGgCSBPJKZRilz5/edit?rtpof=true
  6. № 072/у медициналық анықтама (іріктеуден өткен жағдайда).

    Қосымша құжаттар
  7. Дипломдар, сертификаттар, мақтау қағаздары және соңғы үш жылдағы кез келген тиісті сертификаттар.
  8. Он сегіз жасқа толмағандар үшін - ата-анасының, қорғаншысының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
  9. Көп балалы отбасынан шыққан студенттер үшін - отбасы құрамы туралы құжат;
  10. Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін - білім алушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;
  11. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін - студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен 8 сәуіріне дейін жүзеге асады.
! Мерзімді қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласыңыз. Мекен-жайы: ст. Серікбаева 19, Г-1-232 кабинет (мұражайға қарама-қарсы, 2 қабат). inter.dep@edu.ektu.kz.