Курс туралы
Курс маман жұмысының ерекшелігін ескере отырып, әртүрлі міндеттерді қамтамасыз ету үшін аралас салада құрылған нысан ретінде көлік құралдарымен сауатты жұмыс істеу үшін кәсіби ортада коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында кез келген мамандарға арналған. Курс аяқталғаннан кейін білім алушы автомобильдің эргономикасы мен дизайнының негіздерін, автомобильдің техникалық жүйелерінің қызмет ету ерекшеліктерін меңгереді, индустрия мен социум үшін физикалық мобильділік пен жайлылықты арттыру бойынша ұсынылатын мүмкіндіктердің алуан түрлілігі туралы түсінік алады. Білім алушы автомобиль конструкциясын және қажетті опциялардың тізбесін өзі таңдай алады, автомобильдегі процестерді, оның тікелей мануалды және қашықтықтан басқаруға икемділігін түсінеді.
Оқытушылар
Мұздыбаев Мұрат Сеитович, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры – бакалавриаттың бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының сенімділігі», «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері», «Көлік техникасын өндіру, жөндеу және пайдаға асыру технологиясы», «Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған технологиялық жабдықтар», магистратура: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету», «Автокөлік техникасын жасаудың ғылыми негіздері», «Автомобильдерді өндіру технологиясы», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Автокөлік техникасын кәсіби жобалау», «Машиналарды диагностикалау мен сынаудың әдістері». |
|
Муздыбаева Альфия Сеитқызы, т.ғ.к., ЖАК доценті, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры – магистратураның бейіндік пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарын өткізеді: «Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету», «Автокөлік техникасын жасаудың ғылыми негіздері», «Сараптаманы жоспарлау және жасау», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Көлік және көлік техникасын болжау және эксперттік сараптау», «Көлік техникасының сапасын қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы технологиялар». |