Курс туралы

Пән екі бағдарламаны меңгеруді көздейді: GRAPHISOFT фирмасының ArchiCAD бағдарламасын игеруді кеңейту және Autodesk фирмасының 3ds Max меңгеру.

Бұл пәнде, бірінші кезекте, 3D үлгілерімен кеңейтілген жұмыс, кітапханалық 3D-элементтерді әзірлеу көзделеді.

Фотовизуалдаудың үш кезеңді процесін меңгеру: BIM бағдарламасының немесе басқа модельдеуші бағдарламаның көмегімен 3D-модель жасау; сахнаны баптау (жабындарды таңдау, сахнаның жарықтандырылуын орнату және камераның орналасуын анықтау); тиісті механизмнің көмегімен бейнені жасау.

Виртуалды шындықты құру тәсілдерін меңгеру.

Оқытушылар

Криулько Нина Сергеевна, "Сәулет және дизайн" факультетінің аға оқытушысы, "Сәулет графикасының техникалық құралдары", "Сәулеттік жобалаудың техникалық құралдары", "Компьютерлік графика және моделдеу", "Компьютерлік графика", "Заманауи компьютерлік бағдарламалар" пәндері бойынша және бакалаврлар мен магистранттарға арналған басқа да пәндер бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.

Бәсекелестік артықшылықтары: АЖЖ саласындағы сәулет және дизайн мамандығына арналған бағдарлама маманы; ҚО және ҚОТ технологияларын меңгеру; бас жоспарларды жобалау бойынша маман.

Гурская Оксана Евгеньевна, "Сәулет және дизайн" факультетінің аға оқытушысы, магистрі, "Сәулет графикасының техникалық құралдары", "Сәулеттік жобалаудың техникалық құралдары", "Компьютерлік графика", "Сәулет", "Жобалық іс" пәндері бойынша және бакалаврлар мен магистранттарға арналған басқа да пәндер бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.

Бәсекелестік артықшылықтары: Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) саласындағы маман; Әкімшілік жұмыс тәжірибесі; Практикаға басшылық: диплом алдындағы, өндірістік; "Сәулет" және "Дизайн"мамандықтары бойынша дәріс оқу және практикалық сабақтар жүргізу тәжірибесі.