Курс туралы

Corel DRAW векторлық суреттерді жасау және өңдеу мүмкіндіктері бойынша әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады.

Бағдарлама құрамына тек бай мүмкіндіктері бар векторлық редактор ғана емес, сонымен қатар PhotoPaint (Photoshop аналогы) растрлық бейнелердің редакторы да кіреді. Сондай-ақ растрлық бейнелерді трассалау мүмкіндігі бар.

Бағдарлама техникалық схемаларды, сызбаларды, сондай-ақ фирмалық стильдің барлық элементтерін орындауға мүмкіндік береді. Жарнама және безендірілуде қолданылуы мүмкін.

Бағдарламаны білу кәсіби қызметте және күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін.

Оқытушылар

Криулько Нина Сергеевна, "Сәулет және дизайн" факультетінің аға оқытушысы, "Сәулет графикасының техникалық құралдары", "Сәулеттік жобалаудың техникалық құралдары", "Компьютерлік графика және моделдеу", "Компьютерлік графика", "Заманауи компьютерлік бағдарламалар" пәндері бойынша және бакалаврлар мен магистранттарға арналған басқа да пәндер бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.

Бәсекелестік артықшылықтары: АЖЖ саласындағы сәулет және дизайн мамандығына арналған бағдарлама маманы; ҚО және ҚОТ технологияларын меңгеру; бас жоспарларды жобалау бойынша маман.

Гурская Оксана Евгеньевна, "Сәулет және дизайн" факультетінің аға оқытушысы, магистрі, "Сәулет графикасының техникалық құралдары", "Сәулеттік жобалаудың техникалық құралдары", "Компьютерлік графика", "Сәулет", "Жобалық іс" пәндері бойынша және бакалаврлар мен магистранттарға арналған басқа да пәндер бойынша дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.

Бәсекелестік артықшылықтары: Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) саласындағы маман; Әкімшілік жұмыс тәжірибесі; Практикаға басшылық: диплом алдындағы, өндірістік; "Сәулет" және "Дизайн"мамандықтары бойынша дәріс оқу және практикалық сабақтар жүргізу тәжірибесі.