Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өдірістік дамыған аймағының тірек ЖОО бола отырып, жоғарытехнологиялық өндірісті дамыту мен кадрлар даярлауда кәсіпорындармен тығыз байланысуда.

Біздің университет Қазақстанның ЖОО арасында бірінші болып «НАК «Казатомпром» АҚ ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Алда Казатомпром үшін мамандар дарялау үшін ITPS OK жоғары мектебінің құрамында халықаралық «Атомдық өндіріс үшін жаңа метариалдар» кафедрасын ашпақшы.

Осы жобаны жүзеге асыру барысында университеттің қызметкерлері атомдық өндіріс үшін кадр даярлайтын Ресей оқу орындарына барып қайтты.  Даму стратегиясы және мониторинг департаменті директоры Сауле Рахметуллина мен Ғылыми-зерттеу жұмыс және инновациялық қызмет басқармасының бастығы Тамара Сегеда Ұлттық ядролық зерттеу университеті, Ұлттық технологиялық зерттеу университеті, Мәскеу физика-техникалық институты және Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті қызметкерлерімен кездесіп қайтты .

Кездесу барысында ынтымақтастық жөнінде сұрақтар талқыланды. Жекелеп айтқанда, «Уран өндірдің инновациялық технологиялары» мен «Ядролық энергетика материалдары» білім бағдарламалары негізінде қадр даярлау.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі