Университетке жұмыс сапарымен KAZ Minerals компаниясының өкілдері: Шейн Митчелл – білім беру бойынша бөлімінің жетекшісі және Бауыржан Абылкасымулы –HR бөлімінің менеджері келіп қайтты.
Екі жақ әрекеттестік пен ынтымақтастық жөніндегі сұрақтарды талқылады: студенттердің өндірістік іс-тәжірибелерін кәсіпорында өту, магистранттардың ғылыми іс-тәжірибелері, оқытушылардың біліктілігін арттыру, сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуы. Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысының әкімінің қолдауымен университеттің мамандықтары бойынша KAZ Minerals үшін кадрларды мақсаттық дайындау сұрақтары да талқыланды.
Қонақтар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылыми-зерттеу кешендері және зертханаларымен танысты.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі