7 сәуір күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ докторанттары Григорьева Светлана Владимировна мен Жапарова Айжан Толеубековна философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ диссертациялық кеңесінде келесі топтар бойынша диссертацияларын сәтті қорғап шықты: 6D070300 – Ақпараттық жүйелер (сала бойынша), 6D070200 – Автоматтандыру және басқару.
С. Григорьевның докторлық диссертациясының тақырыбы: «Робасттық басқарудың элементтері арқылы жарықтандырудың жарықдиодтары жүйелерінің ықшамдалуы».
А. Жапарованың докторлық диссертациясының тақырыбы: « бақылау мен автономдық нысанды электрлік қамту жүйелерімен басқарудың Smart технологиясы».
Диссертациялық жұмыстар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ның «Құрал-жабдықтар және технологиялық процесстерді автоматтандыру» кафедрасында орындалды.
Диссертациялық кеңестік құрамына атақты ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар кірді: Квасов А.И., Калимолдаев М.Н., Тен Т.Л., Кошеков К.Т., Кошумбаев М.Б. Диссертациялық кеңес құрамы 13 адаммен бекітілді. Отырыста 12 адам қатысты, соның ішінде қарастырылып отырған диссертация саласы бойынша - 4. Диссертациялық кеңестің 2 мүшесі видеоконференция түрінде онлайн қосылды. Диссертациялық кеңестің мүшелерінен басқа келесі рецензенттер: Сулейменов Батырбек Айтбаевич, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық ғылыми-зерттеу университетінің автоматтандыру және басқару кафедрасының меңгерушісі; Брейдо Иосиф Вульфович - техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлкеттік техникалық университетінің профессоры.
Григорьева Светлана Владимировна мен Жапарова Айжан Толеубековнаны диссертацияны сәтті қорғауларымен құттықтаймыз және оларға ғылыми-педагогикалық қызметте шығармашылық табыстар тілейміз !