«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты жыл сайынғы республикалық байқауы елдегі университеттерге ғылыми және педагогикалық қызметте оқытушыларының жетістіктерін паш етуге мүмкіндік береді. 2005 жылдан бастап Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жыл сайын жоғары оқу орнының үздік оқытушысы құқығын алу үшін белгіленген. 10 жыл ішінде 125 жоғары оқу орнынан 2000 оқытушы атағын жеңіп алса, 2016 жылы еліміздің 58 жоғары оқу орнынан 200 адам үздік деп танылды. Байқауға республикамыздың 84 оқу орнынан 444 үміткер өз бағын сынап, байқауға қатысты. Ал, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушылары жыл сайын жеңіс туын түсірмей, тек алғы саптардан көрініп келеді.

«2016 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын университетіміздің 4 оқытушысы алды. Олар: Андрей Вавилов, Надежда Прохоренкова, Дмитрий Титов,  Гулжаз Уазырханова.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ұжымы жеңімпаз оқытушыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, алдағы еңбектеріне ғылыми және шығармашылық табыстар тілейді!