Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де ОПҚ қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» атты мақаласын талқылау болып өтті. Алғашқы сөзді Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор  Олег Дмитриевич Гавриленко сөйледі.

Оқу және әдістемелік жұмыс жөнінегі проректордың міндетін атқарушы Николай Николаевич Линок  пен департамент директоры – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор  Жаксыкельды Дюсупканович Назбиев баяндамаларын ұсынды.

- Біз ең дамыған елдер қатарына енуге тырысудамыз , - деді Николай Линок. – Әрбіріміз осыған өз үлесімізді қосуымыз тиіс. Біз өзіміздің барлық осал тұсымызды қарастыруымыз қажет. Білім процесін жаңғырту мен сапалы жаңа даму деңгейіне көтеретін механизмедр мен жолдарын қарастырумыз қажет. Бұл жаңа кафедраларды құру, шет тілдері білімімен жаңа форматтағы мамандарды тарту арқылы көптілділікті дамыту. 

Жаксыкельды Назбиев ұлттық мәдениетті, дәстүрді, тілді, музыка мен әдебиетті дамыту мен оқу бағдарламаларына енгізу арқылы ұлттық бірегейлікті сақтауды ұсынды. 

Университет ұжымы Елбасымыздың қазақстандық қоғамның жаңғыруы бойынша  ұсынған барлық басымдылықтарын қолдады.

Профессорлық-оқытушылық құрамнан түскен бірнеше конструктивтік ұсыныстар келісіліп, қарастырылуға қабылданды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі