13-14 сәуірде Алматы қаласындағы Алматы Технологиялық Университетінде Қазақстан республикасындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ІХ Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиада 3 турмен өткізілді: 1 тур – «Өсімдік шараушылығы өнімдерін қайта өңдеудің технологиялары негіздері», «Химия» пәні бойынша тестілеу, 2 тур – ғылыми-зерттеу жұмыстарын (рефераттар) қорғау, 3 тур – сапа көрсетіштерін анықтаудағы зертхана жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
Республикалық олимпиадаға 11 команда беленді қатысты, соның ішінде 16 жоғары оқу орындары.
Біздің университет инженерия факультетінің 5В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы командасын шығарды, олар 4 курс студенттері Антропова Юлия, Филатова Татьяна, Шестакова Анастасия (13-ТЗ-1 тобы) және «Су және орман ресурстары» кафедрасының оқытушысы Лутай Сергей Сергеевичтен құралады.
Үш турдың нәтижесі бойынша біздің студентіміз Антропова Юлия жеке есепте 3 орын иеленіп, ҚР БжҒМ III дәрежелі дипломы және ректордың атына алғыс хатымен марапатталды.
Жеңімпазымызға алда шығармашылық табыстар мен зор жеңістер тілейміз.
«Су және орман ресурсы» кафедрасының ұжымы