Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ қабырғасында «StartupBolashak 3-маусым: МеніңАрманым» жобалар сайысының іріктеу кезеңі өткізілді. Іс-шара үш күнге жоспарланған.
Бірінші күн – StartupBolashak жобасы өкілдерінің ШҚМТУ студенттерімен танысу отырысы.
«МеніңАрманым» байқауының екінші күні тренингтерден және жобалар бойынша жұмыстардан басталды. ҚР БҒМ Басқарма Өкілдігінің бөлім басшысы Бахтыгуль Касымова тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен сұхбат жүргізді. Сондай-ақ, ҚР БҒМ атқарушы хатшысы Арын Орсариев студенттер алдында сөз сөйледі. Университет студенттері жоба аясында ой бөлісіп, тәлімгерлермен бірлесе «Канвас» бизнес-моделі бойынша жұмыс істеп, питч-презентациялар дайындады. Жастар медицина, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған жобалар ұсынды.
Байқаудың соңғы күні жобалар тізімі жарияланды. Финалистер өз жұмыстарын тәлімгерлерге ұсынды, артынша сарапшылар үздік жобаларды таңдады. Командаларға жобаларын қорғауға үш минуттан аспайтын уақыт берілді. Ширек финалға 13 жоба өтті. Шығыс Қазақстан облысынан 114 өтінім жасалып, олардың 38-і қабылданды, 16-сы презентацияға жіберілді.
Іс-шара соңында тәлімгерлер барлық қатысушыларға қол жеткізген жетістіктеріне тоқталмай, жаңа шыңдарды бағындыруды тіледі! Келесі іріктеу туры республикамыздың 15 қаласында өтеді.
Айта кету керек, стартап-жобалар байқауы реалити-шоу форматында өтеді және күзге дейін жалғасын табады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар ширек финалға Астанаға жолдама алады. Үздік қатысушыларды жазғы мектеп, жартылай финал және финал күтуде. Ал таңдамалы жобалар қаржыландырылады.
Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі