Бүгін 05.09.23 жылы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі Қазақстан халқы тілдері күніне орай ашық дәріс өткізілді.
2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Тыңдаушыларға тілдің адам өмірінде, ұлт өмірінде алатын орны туралы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ғылыми еңбектері туралы ҚжОТ кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.к. Асавбаева Г.Б., ф.ғ.к. Сағитжанова З.Т., Есімжанова Г.Т., айтып өтті.
Қадірлі тіл жанашырлары! Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!