Бүгін 14.05.24 Тілдік құзіреттілік орталығына қарасты «Ақжүзік» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Әйел денсаулығы - қоғам саулығының кепілі» тақырыбында жоғарғы санаттағы дәрігер-гинеколог Г.Р. Дюсюповамен кездесу өтті.

Кездесу барысында: қыздар гигиенасы, ерте жыныстық қатынас, қыздарды қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау, жастармен қарым-қатынаста талғампаз болу туралы мәселелер талқыланды. Дәрігер жеке жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Қыздар қызықты және пайдалы ақпарат алды. Әңгіме соңында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, толғандырған сұрақтарға нақты, толық жауап алды.