Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Шығыс Қазакстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен кеңес өтті. Оған Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж.Қ.Шаймарданов, Өскемен қаласының әкімі Т.Ж.Қасымжанов, қала әкімінің орынбасары В.М.Головатюк, сәулет және қала құрылысы қалалық бөлімінің жетекшісі Д.Е.Қасымов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Ж.Б.Байырханов қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар бұрынғы Комендантка өзені бойын Виноградов және Космическая көшелері шекараларында абаттандыру және Қ.Сәтпаев даңғылында орналасқан Драма театры аумағын халықтың қызыға танығатын орнына айналдыратындай қалыпқа келтіру. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сәулет және дизайн кафедрасының меңгерушісі Вера Наумова мен осы кафедра профессоры Михаил Козловтың баяндамаларында бұл екі аймақты абаттандырудың дизайн-концепциялары ұсынылды.
Сәулет және дизайн кафедрасы сумен шекаралас облыс орталығы аумақтарын жанға жайлы етудің тамаша варианттарын ұсынды. Вера Наумова ұзындығы 51 шақырым бұл аумақты қаланың қайталанбас көркін жасау жолында пайдалануға болатынын айтты. Сәтпаев даңғылы да адам танымастай өзгеріп, бірқатар демалыс аймақтарымен толығады.
Аталмыш аймақтарды көркейту варианттарымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов бірқатар пікір айтып, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың сәулет және дизайн кафедрасының ұсыныстарын іске асыруға лайық екенін жеткізді.