2016 жылғы 21 қазан күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қабырғасында «Алтай Invest – 2016» Халықаралық инвестициялар Форумының өкілдерімен кездесу өтеді.
Делегация университетіміздің ғылыми-зерттеу кешендерін, атап айтсақ, түрлі-түсті, сирек және шашыранды металдар зертханасы, жылдамдығы жоғары плазмалық кесу және плазмалық тозаңданудың тәжірибелі өндірістік алаңы, киберфизикалық жүйелер зертханасы, инженерлік бейіндегі «Іргетас» зертханасымен танысады.
Одан әрі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың шетел студенттерімен (ҚХР азаматтары) кездесу жалғасады.
Халықаралық инвесторлар өкілдерінің қатысуымен «Өнеркәсіп және энергетика секторы» Роуд-шоуын өткізу жоспарда бар.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі