Биыл Бизнес және кәсіпкерлік мектебінде «Кәсіпорын экономикасы» пәніне тәжірибе тұрғысында апгрейд жүргізілді. Тәжірибе нәтижесінде әркім өз бизнес жобасын қорғады. Пән контенті ҚР «Атамекен» ҰКП ұсыныстарын есепке алды. Айта кету керек, бизнес ашқан және/ немесе оны кеңейтуді ойлаған кәсіпкерлер дәл осы алгоритм бойынша жоба қорғайды.

Бірінші триместрде курсты 213 студент зерделесе, тек оның 25-і ғана өз бизнес жоспарын ортаға салуға мүмкіндік алды. Олар:

  • Ауыл шаруашылығы – 4 жоба;
  • Қызмет көрсету саласы – 4 жоба;
  • Сән және денсаулық – 2 жоба;
  • Туризм және демалыс – 5 жоба;
  • Кафе – 2 жоба.

Бүгін студенттер әділ қазылар алқасы алдында жобаларын қорғап, сыни көзқарастар, пікірлерге қанық болып, арнайы сертификаттар алды.

Әділ қазылар мүшелері ШҚО «Атамекен» ҰКП директорының орынбасары Жұмакішев Бекжан Серікханұлына, Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Мұхамадиев Таир Ануарбекұлына, Өскемен қалалық федералды радио мектебінің кураторы ЕфремоваЮлия Викторовнаға жастарды қолдап, жоба сапасын арттыруға ықпал еткен ұсыныстары, қаржыландыру көздерін іздестіруге ат салысқандары, смартфон қосымшалары арқылы оптимизациялауға жол ашқандары үшін алғыс білдіреміз. Жұмыстарды қолдау барысында бірлескен коллабарация идеялары да туындады.

Әділ қазылардан бөлек, «халықтық» дауыс беру де ұйымдастырылды.

Бүгінгі іс-шара «Ангар» еркін студенттік кәсіпкерлік алаңындағы алғашқы қоғамдық «Speech day» болды.

Достарымыз және серіктестеріміз, студенттік кәсікпкерлікті қолдап, стартаптарға серпін беретін ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына алғыс білдіреміз.

Бизнеске қабілетті инженерлер – біздің түлектердің бәсекеге қабілетті әлеуеті!