2023 жылдың 28 наурызында "ANGAR-Speech day" екінші сессиясы өтті. Екінші семестрде студенттер "Кәсіпорын экономикасы" пәнін оқып, курсты игерудің нәтижесі бизнес-жоспар жазу және қорғаумен тынды. Студенттердің жұмыстары "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарына сәйкес ұйымдастырылды.

«Атамекен» ШҚО ҰКП студенттік ортадағы кәсіпкерлік бастамаларға менторлық, кеңесшілік қолдау көрсетті.

Жобаларды келесі бизнесмендер бағалады:

  • Дамитов Қадыржа Қабдошұлы – Қазақстан Республикас Ұлттық Банкінің экс төрағасы, тәуелсіз кеңесші.
  • Сайлаубаев Асқар Сейлжанұлы – «Восток-Молоко» Корпорациясы» ЖШС директоры.
  • Қасымбаев Алексей Валерьевич «Мед Алтайский» ШҚ Басшысы.
  • Серікханұлы Бекжан – TABETTI ЖШС директоры. «Бизнес тренерлер Ассоциациясы» ҚБ Төрағасының орынбасары.
  • Рахимов Азамат Ержанұлы – ERCcom ЖШС директорының орынбасары.
  • Ордабаев Сәкен – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының коммерцияландыру және стартап бастамаларын көтеру бойынша кеңесші.

Екінші сессияға 27 студенттер өтсе, бағыттар бойынша барлығы 15 бизнес-жоспар ұсынылды:

  • 3 жоба - қызметтер;
  • Құрылыс және құрылыс қызметтері - 4 жоба;
  • IТ қызметтері және білім беру - 5 жоба;
  • 3 жоба – өндіріс

Шынайы кәсіпкерлерден бөлек, жұмыстарды университет студенттері мен профессорлық оқытушы құрам бағалады. «Халық дауысы» бойынша нәтиже келесідей:

  • Қызмет санатында 3 жұмыс ұсынылды. "Құрғақ және дымқыл тазалауға арналған бу машинасымен экотазалау" жобасы ең көп дауыс жинады. Ержанов Айтмұхаммед, Геминхан Ерен, Сәкенұлы Бейбарыстың командалық жұмысы.
  • Жұмыстың екінші санаты Құрылыс және құрылыс қызметтерімен байланысты. 4 жоба ұсынылып, 55% дауыспен Егор Дмитриевич Звоновтың "Қолжетімді бір қабатты тұрғын үй жиынтығын өндіру және іске асыру"жобасы ұтты.
  • "Өндіріс" санатында ең көп ұпай саны – 53% -бен Дүйсен Аяулым Ринатқызының "Тауық өнімін өндіру бойынша құс фермасын құру" жобасы жинады.
  • Бизнес-жоспарлардың төртінші санаты IT қызметтері мен білімде онлайн форматты қолдануға арналды. Қазылар алқасы 5 жұмысты қарады. Көшбасшы болып 33% пайызбен Мязова Аделина Аскаровнаның "Виртуалды шындық технологияларын қолдана отырып жылжымайтын мүлікті сату" жобасы мойындалды.

Айта кету керек, барлық жұмыстар қазылар алқасының мүшелерімен жоғары бағаланды. Жұмыс авторларына бизнес-модельді есептеу мен құрудағы жекелеген элементтерді жақсарту және қайта қарау бойынша ұсыныстар берілді.