«Сәулет» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері «Көрме павильоны» курстық жобаларын қорғады. Студенттер үшін бұл ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік дизайнын игерудегі алғашқы маңызды, кәсіби кезең.

Студенттер мен оқытушылар макеттерді, идеяларды графикалық түрде ұсынуын талқылап, пікір алмасты. Кафедраның жетекші оқытушылары, ПБ басшылары және қаланың көркемдік ұйымдары өкілдерінің айтуынша, жобаларды қорғау сәтті өтті. Оқытушылар Мәулімғазинов Қайсар, Фокина Алина, Адамович Илья, Ерғалиева Ақмарал, Мұхаметжанов Азамат, Бабушкина Виктория және басқалардың жұмыстарын атап өтті.

Үшінші және төртінші курс студенттерінің жобаларын қорғау сәл кейінірек өтеді.