2013 жылғы 29 және 30 қазанында университетке мамандандырылған аккредитациялау аясында ASIIN сарапшыларының (Германия ) тобы жұмыс сапарымен келді. Бұл жолы С кластерінің білім беру бағдарламаларына сыртқы аудит жүргізілді. Оларға «Металлургия» (бакалавриат, магистратура) «Технологиялық машиналар және жабдық» (магистратура), «Көлiк, көлiк техникасы және технология» (магистратура) мамандықтары енді.
Бiрiншi күні комиссия мүшелерi университет ректоратының өкiлдерiмен және бағдарламалардың координаторларымен кездесті. Мұнда университеттiң одан әрi дамуы, университет контекстінде бағдарламалардың ережелері, бағдарламалардың бағыты және ректорат көзқарасы бойынша олардың әрі қарай даму перспективалары туралы сөз қозғалды.
Содан соң сарапшылар бiлiм беру бағдарламалары бойынша нормативтiк және ұйымдастыру-әдiстемелiк құжаттарды, пәндердің жұмыс бағдарламаларын, студенттік және біліктілік бітіру жұмыстарының үлгілерін, оқу-әдістемелік кешендерді және аудит кезінде ұсынылған басқа да материалдарды зерттедi, университет студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті, ШҚМТУ зертханаларын аралады.
Жұмыс сапарының соңғы күні ASIIN тобы мүшелерінің ректорат өкілдерімен және бағдарламалардың кординаторларымен қорытынды кездесуі өтті. Бұл кездесуде сарапшылар аккредитация бойынша жалпылама әсерлерімен бөлісті. Сапар қорытындылары бойынша сарапшылардың есеп нәтижелерін қарастыру және бағдарламаларды бағалау бойынша шешімдер қабылдау аккредитацияның соңғы кезеңі болады.