«Өскемен ЕХРО - 2015» халықаралық көрмесі аясында өткізілген «Жасыл технологиялар» инновациялық жобалар конкурсында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың төрт ғалымы жеңімпаз атанды.
Байқауға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан төрт номинация бойынша 44 өтініш түскен. Жобалардың авторлары - ЖОО студенттері, ғалым-өнертапқыштар, сондай-ақ «Өскемен ЕХРО Junior - 2015» номинациясы бойынша оқушылар мен колледж студенттері. Байқау қорытындысында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғалымдарына таңдаулы инновациялық жобалары үшін төрт сертификат табыс етілді.
«Дәстүрлі және баламалы энергетикадағы таза технологиялар» секциясында «Шығыс Қазақстан ресурстарын қуаттандырудың энергиялық тиімді элементтерін өндіру үшін пайдалану» жобасы таңдаулы деп танылды. Авторы - физика-математика ғылымының кандидаты, ШҚМТУ-дың «Аспап жасау және технологиялық процестерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі Александр Бакланов. «Кен-металлургия саласындағы жасыл технологиялар» секциясының жеңімпаздары төмендегі екі жоба: «ДМП тыныстау тренажері» жетілдірілген аспапты өнеркәсіптік өндіру» (авторы - биология ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ-дың «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының доценті Тамара Бондарева мен «Техногендік қалдықтардан фибра өндіру технологиясы» (авторы техника ғылымдарының кандидаты, ШҚМТУ-дың «Технологиялық машиналар мен қондырғылар» кафедрасының доценті Андрей Вавилов).
«Экотуризм. Аймақ пен туризмді тұрақты дамыту» секциясында ШҚМТУ-дың «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы Маржан Тоғызованың «ШҚО-да геотуристік саланы дамыту мақсаты үшін туристік маршруттарды геоақпараттық қамтамасыз етуді талдау» жобасы таңдаулы деп есептелді.